Minecraft әлемінде ең маңызды жасайтын істерінің бірі – үй салу! Күннің батуымен құбыжықтар және қанқалар шыға бастаған кезде, егер сіз қауіпсіз болғыңыз келсе сізге өз үйіңіз шынымен керек болып қалады. Түнде сол үй ең тыныш жер.
Майнкрафтта қай жерде үй салу керек?
Ойынның ең басыннан бастаған жерден үйді сала беріңіз. Уақытымыз онша көп емес. Тұңғыш үйдің мақсаты – түнгі құбыжықтардан сақтану. Сол үшін алыс жаққа кетудін қажеті жоқ.
Майнкрафтта үйді қалай салуға болады?
Майнкрафтта кез келген ғимаратты немесе үй салу үшін блоктарды бір біріне тегіс орнатып, үйдің 4 қабырға жасау керекпіз. Әрбір қабырғасында бір блок «терезе» ретінде ашық қалтыруға болады. Содан кейін міндетті түрде шатырды жасау керекпіз. Біздің қабырғаларымыздын үстінгі жағынан блоктарды орнатыңыз.
Бірінші үйіміз қарапайым саздан немесе жерден болса да – ештеңе етпейді. Келесі одан да күшті саламыз! Блоктардың көбісі біздің уақытша үйге жарайды. Тас болса да, ағаш немесе жер болса да, ешқандай айырмашылығы жоқ. Қиыршық тас және құмнан шатыр жасай алмайсыз, өйткені олар үстінде тұрмай құлап жерге түседі.
Үйдің ішінде бірнеше алауды жануға ұмытпаңыз, себебі Майнкрафтта қараңғы жерлерде үй салу болса да құбыжықтар шыға бастайды. Және де бір кезде сіз есікті қосқыңыз келеді. Оны шеберүстеліне 2х3 тақтай блоктар орналастыру арқылы жасауға болады.
Оның бәрін бірге қойған кезде, дайын есікті орнатқан кезде, сізде түнде құбыжықтардан жасырынатын қарапайым аймақ болып шықты.
Майнкрафтта үй салу кезде ішінде не орнатуға болады?
Егер осы үй сізге біраз уақытқа база ретінде қызмет жасайтын болса, онда осы үйдің ішінде осы маңызды заттар болуы керек: шеберүстел (4 тақтай блоктан оп-оңай жасалынады), төсек (3 жүн блок және де 3 тақтай), сандықтар (8 тақтай блок), пеш (8 жұмыртас немесе 8 қаратас)
Кейінірек, сіз Minecraft жақсы ойнаған кезде, сіздің үйіңізге осы заттар қажет болады: сиқырлау үстелі (екі алмас, төрт обсидиан және бір кітап), кітапсөрелер (үш кітап, үш тақтай), төс (үш темір блок және төрт темір құйма). Бірақ күшті ойнайтындар бұл заттарды басқа ғимаратта орнатуды қалайтын сияқтын. Бұл заттар құралдар мен сауыттарды сиқырлау және жөндеу үшін қолданылады.